Ғылымда, білім беру саласында, техникада мен көркем шығармашылықта компьютерлік және желілік технологиялардың қарыштап дамуы, қашықтан оқыту, интернет-конференциялар мен конкурстар технологияларының кең тарала бастауы әдістемелік бағыттағы электрондық журналды жасау қажеттігін туғызды.

"Ашық сабақ" әдістемелік интернет- журналы орта мектептердің мұғалімдері мен әкімшілігін қашықтан практикалық-бағдарланған қолдау көрсету үшін ұйымдастырылды. Журнал білім беру мекемелеріне ақпараттық көмек көрсетеді, оларды қажетті ақпараттық-анықтамалық, ғылыми-әдістемелік және педагогикалық ақпараттармен қамтамасыз етіп отырады.

«Ашық сабақ» әдістемелік интернет-журналы төмендегідей мақсаттарды көздейді:
1) әдістемелік және педагогикалық жадығаттарды жедел жариялау;
2) білім беру саласындағы заманауи компьютерлік және желілік технологияларды қолдану туралы инновациялық жадығаттарды жариялау;
3) баспа бетінде дәстүрлі әдіспен жариялануы мүмкін емес (толықтай немесе жартылай) ғылыми-әдістемелік және педагогикалық жадығаттарды жариялау;
4) шығармашылықпен жұмыс істейтін білім беру саласының қызметкерлері мен зерттеушілікпен айналысатын оқушылардың жұмыстарын интернет бетінде қалың көпшілікке ұсыну;
6) әдістемелік білім беру жобалары мен жедел ақпарат алмасу бағдарламаларына ақпараттық қолдау көрсету және сүйемелдеу;
7) компьютерлік және желілік технологияларды қолданып, интеллектуалдық-шығармашылық сайыстар ұйымдастыру.

Интернет журналдың заманауи жоғарғы технологиялық жоба ретінде мынадай ерекшеліктері бар:

1) педагогикалық зерттеулер мен мәдени-ағарту үрдістерінің тиімділігін арттыруға бағытталған білімдік және әдістемелік жоба;
2) білім беру жобаларына қолдау көрсетуге, мұғалімдер мен мектеп әкімшілігінің арасындағы жедел қарым қатынасты жүзеге асыруға бағытталған ақпараттық интеллектуалдық орта.

Бұл сайт еліміздің шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтарының өз тәжірибелерімен бөлісуге, интернет желісі арқылы таратуға, көкейде жүрген ой - пікірлеріменбөлісуге жәрдемдеседі.